Геморрой простое лечение

Оразада моншага баруга бола ма

28-фев-2015 16:51
Автор: murder3000
Просмотров: 1630
Комментариев: 25

Ұмытып ішіп-жеу немесе білмей жыныстық қатынаста болу. Пайғамбарымыз с.а.у. былай дейді «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізгенде – Аллаһ» Муслим, Сиям, 171. Басқа бір хадисте «Рамазанда ұмытып оразасын бұзған адамға қаза да, кәффарат та керек емес» – делінген Ибн Мажә, Сиям, 15.

Ұмытқан адам есіне түскен кезде дереу тоқтатуы керек. Бір адам таңертең жүніп болып тұрса және кешке дейін де осылай жүніп күйінде жүрсе, оразасы бұзылмайды. Бірақ, әлбетте, намаз оқу үшін ғұсыл алу парыз. Аллаһ Құранда «Егер жүніп болсаңдар, толық тазаланыңдар» Маида, 5/6, -дейді. Қан алдыру немесе сүлік салдыру оразаны бұзбайды. Пайғамбарымыз с.а.у. қажылықта аузы берік кезінде қан алдырған Бухари, Тыбб, 11. Құлаққа су кіру, бұлық ағу оразаны бұзбайды. Көзге, кұлаққа дәрі тамызу немесе көзге сүрме жағу оразаны бұзбайды.

Мисуак оразаны бұзбайды. Өйткені, мисуак қолдану – сүннет. Тіпті тіс пастасын қолдану да оразаны бұзбайды. Бірақ ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып жуу.Tiс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Және оның еріксіз ішке қайта кетуі де. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды яки дәріні жұтпау шарт.